АҚШ-тағы сайлау: Байденнің бәсі басым түсті ме?
АҚШ-тағы сайлау: Байденнің бәсі басым түсті ме?
234
оқылды

Сейсенбідегі АҚШ-тағы жалпығы бірдей сайлауда президент пен вице-президент, 35 сенатор, палатаның 435 мүшесі, 13 штат пен аумақтық әкімдер және жергілікті үкімет мүшелері сайланды.

Жеңіске жету үшін үміткерге сайлауға қатысушы 538 қазылар алқасының 270 дауысына ие болу қажет, қазылар алқасындағы сайлаушылар саны АҚШ Конгресі Сенаты (100) және Конгрестегі Халық өкілдері палатасы (435) мүшелерінің жалпы санына тең, одан бөлек оған Колумбия округінен үш мүше кіреді. CNN-нің алдын ала хабарлаған мәліметі бойынша, Байден – 215, ал Трамп 171 дауысқа ие болған.

АР агенттігінің мәліметінше, демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джозеф Байден, жалпы саны 61 957 940 (49,8%) дауыс алған, ал оның қарсыласы Дональд Трамп 60 461 523 дауыс (48,6%) жинаған.

Сондай-ақ Либертариан партиясынан үміткер Джо Йоргенсен 1 401 791 дауыс (1,1%), «Жасылдар» партиясынан кандидат Хауи Хокинс 280 758 дауыс (0,2%) және басқа кандидаттар барлығы 312 663 дауыс (0, 3%) алған.