Қатаң карантин қайта жарияланды
Қатаң карантин қайта жарияланды
5,144
оқылды
Германияда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 569 мыңнан асты. Соған байланысты елде қатаң карантин қайта жарияланды.

24.kz хабарлауынша, өткен тәулікте 14 мыңнан астам адам індетке шалдыққан. Науқастардың көбі –  жастар. Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты жергілікті билік аймақта қайта қатаң карантин жариялады. Елдің барлық қонақүйі туристерді қабылдай алмай отыр. Өңірде ойын-сауық кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды. Театр, музей, бассейн, спорт залдар мен қоғамдық тамақтану орындары жабық. Германияның ірі шаһарларында маска тағу режимі енгізілді. Неміс халқы үшін бұл екінші локдаун болғандықтан, тәртіпке бағыну қиынға соқпайды. Ереже бойынша бір жерде 10 адамнан артық жиналуға болмайды. Канцлер Ангела Меркель шектеу шаралары қатаң екенін мәлімдеді.

«Дегенмен Рождество мерекесі басталмай тұрып вирустың таралуына тосқауыл қою үшін осындай амалға бардық», – дейді ол.

Тәртіптің сақталуын полиция қатаң бақылайды. Ереже бұзғандарға 50-ден 500 еуроға дейін айыппұл тағылады. Мамандар елдегі қатаң карантин 4 аптадан да асуы мүмкін екенін айтады.