Грузияда жер сілкінді
Грузияда жер сілкінді
366
оқылды

Грузия жаңалықтарының ресми хабарламасында жер сілкінісі 4 қарашада Тбилиси уақытымен сағат 23:57-де тіркелген.

Зілзала аудан орталығы Ониден оңтүстікке қарай 9 шақырым жерде болған. Тереңдігі – 12 шақырым. Алдын ала мәлімет бойынша қираған ғимараттар, жарақат алған адамдар туралы мәлімет жоқ. Соңғы тәулікте Грузияның батысында үш жер сілкінісі тіркелген. Жергілікті уақыт бойынша 18:04-те және 18:05-те аудан орталығы Онидің маңында және Сахчере қаласына  жақын жерде магнитудасы 3,5 және 3,6 балл болған.