Сеулде Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов Корея Республикасы Iшкi ахуал жəне қауiпсiздiк министрi Чин Йонг (Сhin Yong) мырзамен кездесті.
Кездесу барысында Әлихан Байменов Корея əлемде ақпараттық технологияларды қолдану мен электронды үкіметті дамыту бойынша кɵшбасшылардың бiрi екенін айтты. Қоғамдық құндылықтар инновациялар, ақпараттық, дижитал технологияларды дамыту саясатының ɵзегi, басты мұраты ретiнде белгiленген. Яғни, жаңа технологиялар жариялылық пен əдiлдiкке, мемлекеттік қаржыландыру мен сатып алу ашықтығына, азаматтар пiкiрiн шешiмдерде ескеруге бағыттайды.
Түптеп келгенде, инновациялар арқылы əр азаматтың егемен құқықтарын биiктетiп, жүзеге асыру тетiктерiн жетiлдiру және демократиялық қоғамды дамыту мақсаты қойылғанын атап өтті Байменов. Оған қоса ол Корея Хаб құрылтайшы мемлекеттердің бірі ретінде осы көпжақты тұғырнаманың жұмысына белсенді араласатынын айтты.
Түптеп келгенде, инновациялар арқылы əр азаматтың егемен құқықтарын биiктетiп, жүзеге асыру тетiктерiн жетiлдiру және демократиялық қоғамды дамыту мақсаты қойылғанын атап өтті Байменов. Оған қоса ол Корея Хаб құрылтайшы мемлекеттердің бірі ретінде осы көпжақты тұғырнаманың жұмысына белсенді араласатынын айтты.
Өз кезегінде министр Чин Йонг Ішкі ахуал және қауіпсіздік министрлігі мен Хабтың әріптестігін жоғары бағалап, бірлескен бастамалар мен Хабтың мемлекеттік қызмет бойынша аймақтық бағдарламаларын қолдау арқылы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендіктерін жеткізді.
Кездесуге қатысқан Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев екі ел қарым-қатынасының өте жоғары стратегиялық әріптестік деңгейін атап өтіп, оның бір бағыты – мемлекеттік қызмет пен ақпараттық технологиялар бойынша ынтымақтастық екендігін мәлімдеді.
Әлихан Байменов Кореяның Мемлекеттік Персоналды басқару министрі Хван-сэо Чонгпен (Hwan-seo Chong) кездесіп, онда Кореяның адам ресурстарын басқарудағы тәжірибесі де Хабқа қатысушы елдер үшін қызықты екенін айтты.
Хван-сэо Чонг өз тарапынан әріптестіктің маңыздылығына және оны меритократия қағидаттары негізінде мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жоғарылату, мемқызметтегі этика мен корпоративті мәдениетті дамыту бойынша ортақ шаралар өткізу арқылы дамыту мәселелеріне тоқталды.