Сапарбаев: Бүгінді емес, ертеңді ойлауымыз керек
Сапарбаев: Бүгінді емес, ертеңді ойлауымыз керек
5,317
оқылды

Ақтөбеде болған су тасқынынан соң Елек, Қарғалы, Песчанка, Тамды, Сазды, Бұтақ және Жаман Қарғалы өзендері жайы тұрғындарды алаңдата бастаған еді.

Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді. Өзен арналарын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанын айтты. Экология, геология және табиғатты қорғау министріне осы мәселені шұғыл шешуді тапсырған болатын.

Осы мәселені премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев шұғыл шешуді қадағалау керектігін айтты.

–Қателіктер болса жойып, бүгінді емес, ертеңді ойлауымыз қажет. Биыл су жетпесе келесі жылы бәрі басқаша болуы мүмкін. Биыл Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында су аз болып, өзен арналары тартылды, – деді Сапарбаев.