БҚО-да жол апатынан жарақат алған бала жансақтау бөлімінде жатыр
БҚО-да жол апатынан жарақат алған бала жансақтау бөлімінде жатыр
205
оқылды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жарақат алған 6 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұдан бұрын Чапаев-Жаңақала жолында екі автокөліктің түйісуі салдарынан 3 жасар бала көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. Алты жасар тағы бір бала ауыр жарақат алған еді. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бала қазір облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр. Баланың миы шайқалып, аяқ-қолдары сынған.