Мерекеде атқарылуы тиіс шаралар хаттамаға енгізілді
Мерекеде атқарылуы тиіс шаралар хаттамаға енгізілді
232
оқылды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын жоғары идеологиялық деңгейде өткізу мақ­сатында «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жа­нындағы Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында кеңес мү­шелері мереке шеңберінде ұйымдастырылатын іс-шараларды дайын­дау мен  өткізудің негізгі мәселелерін талқыға салып, келелі ұсыныстарымен бө­лісті.

Отырысты кіріспе сөзімен ашқан кеңес төрағасы Баймырза Қожамберлиев еге­мендіктің арқасында іргесі берік, ке­лешегі кемел мемлекет құрғанымызды ай­тып, қастерлі, қасиетті тәуел­сіз­дігі­міз­дің ширек ғасырлық мерей­тойын лайық­ты қарсы алу керек еке­нін ерекше атап өтті. Жиын барысында кеңес мү­шелері елі­міздің тәуелсіздік жыл­дарындағы әр­бір жетістік­тері­не ерекше тоқталды. Мә­­­­­селен, кеңес мүшесі Айткүл Шалғын­баева тәуелсіздік жылдарындағы Ел­басы­ның дәстүрлі діндер басын қосуы адамзат тарихындағы бі­рін­ші болған оқиға екенін атап өтіп, ядролық қарудан бас тарту се­кілді еліміздегі ауқымды жетіс­тік­теріміз бойынша әлемдік дең­гейде халықаралық симпозиум өт­кізсек деген ұсынысын ортаға салды. Кеңес мүшесі Аманжол Оң­ғарбаев кейінгі ұрпаққа өнеге бо­лар сарқыл­май­тын қазына ре­тінде кешегі тәуелсіздік жыл­дарында Сыр журналистикасында ең­бек еткен қайраткерлердің ең­бегін елеп, сол кезеңдерде түрлі бұ­қара­лық ақ­парат құралдарында жарық көрген ма­териалдар жиын­тығын топтастырып, 5 том­дық кітап шығарсақ деген ойын жет­кізді. – Бүгінде аталмыш 5 том­дық­тың 80-90 пайызы дайын. Мұны Қаламгерлер қауым­дастығымен бірлесіп дайындап жа­тырмыз. Мерейлі мерекеде жарыққа шы­ғарып, оқырманға тарата білсек, тәуел­сіздікке тартқан нағыз тартуымыз бо­лар еді, – деді ол. Жиында айтылған барлық ұсы­ныс жи­нақталып, хаттамаға ен­гізілді. Кеңес мү­шелері мерейлі жыл еліміздің тәуел­сіздігі мен мем­лекеттілігін одан әрі ны­ғай­тып, халықты рухани-мәдени бі­рік­­тіре түсуі, сабақтастық пен прогрессивті дамуды қамтамасыз етуі тиіс деген ұста­ным­мен тар­қас­ты.

А.ЖАСАНҰЛЫ