Ең көп еңбекақыны кімдер алады?
Ең көп еңбекақыны кімдер алады?
312
оқылды

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті биыл үшінші тоқсанда Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысының мөлшері 191 129 теңге болғанын жариялады.

Статистикалық мәлімет бойынша салалық құрылымда ең үлкен жалақыны қаржы және сақтандыру қызметінің мамандары алатын болып шықты. Олардың жалақысы – 484,6 мың теңге. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы қызметкерлері – 418,0 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметкерлер – 334,1 мың теңге және құрылыс саласындағы мамандарға 257,7 мың теңге еңбекақы белгіленген. Ең төменгі атаулы жалақы білім қызметкерлерінде – 122,1 мың теңге. Комитет қызметкерлердің орташа айлық жалақысын қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалынған сомаларды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес есептеген.