Nur Otan Trends: ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық мәселесін талқылайды

Nur Otan Trends: ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық мәселесін талқылайды

Nur Otan партиясының кеңес отырысында Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орындарындағы жемқорлықты жою мәселесін көтерген болатын.

Осыған орай партияның Jas Otan Жастар қанаты биылғы оқу жылы басталғанда «Таза сессия» акциясын өткізген болатын. Оған 15 мыңға жуық студент атсалысты.

Оқу орындарындағы жемқорлық мәселесі бүгін Nur Otan Trends пікірталас алаңында талқыланады. Жемқорлықтан арылу мәселесін Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Дәулет Кәрібек, Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан Олжас Ордабаев, Transparency International Kazakhstan-ның атқарушы директоры Ольга Шиян, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі Дамир Әшіров және т.б. қатысады.

Талқыны Nur Otan партиясының фейсбуктағы ресми парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.