Алматыдағы көшеге әйгілі би, жырау Мөңке би Тілеуұлының аты берілді.
«Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би» 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Жыраудың келер күнді болжайтын сәуегейлігі болған.
Көшеге бидің атын беру құрметіне орай арнайы жиын өтіп, би туралы тарихи деректер мен аңыз әңгімелер жинақталған кітаптың тұсаукесері болды.