Айсұлудың неден көз жұмғаны белгілі болды
Айсұлудың неден көз жұмғаны белгілі болды
411
оқылды

АҚШ-та қайтыс болған 17 жастағы Дэвин Айсұлу Тэкабаридің асырап алған әкесі оның көз жұмуына не себеп болғанын айтты. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Дэвин Айсұлу Тэкабари бір жігітке деген жауапсыз махаббаттан көп зардап шеккен. Мұнымен қоса жаңа мектепте қысым көрген. Асырап алған әкесінің айтуынша, осының салдарынан өзіне қол жұмсаған.

Америкалық ерлі-зайыпты Айсұлуды 2002 жылы бір жасында асырап алған. Ол кішкентай кезінде көйлек киіп, домбыра сабағына қатысқан, сурет салғанды жақсы көрген. Жасөспірім шағында трансгендер екенін айтып, Дэвин есімін иеленіпті.