Жаңа оқу жылынан бастап волонтерлік қызметпен айналысатын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артатын болады. Мәжілістегі Үкімет сағатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деп мәлімдеді.
–Жаңа оқу жылынан бастап балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, қарттар үйлерінде және басқа да мекемелерде волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға арттырылады деп жоспарлануда», – деді Дәурен Абаев. Министрдің айтуынша, министрлік волонтерлер базасын қалыптастыруды жоспарлап отыр. Ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы іске қосылған.