Алматыда 2-3 балл қуатымен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.
Полиция департаменті Жедел басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, патрульдік жасақтар қалыптан тыс жайттарды байқап жатқан жоқ, жағдай тұрақты.
Тұрғындардан «112», «101» нөмірлеріне хабарлама түспеген.
«Казселденқорғау» ММ ақпаратынша, гидротехникалық құрылыстарда ақау, жарық байқалмаған.