Алматы облысының тұрғынынан 10 келі алтын құйманы тартып алған қарақшылар ұсталды
Алматы облысының тұрғынынан 10 келі алтын құйманы тартып алған қарақшылар  ұсталды
260
оқылды
Алматы облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Қарасай ауданының 49 жастағы тұрғынын тонап кеткен күдіктілерді ұстады. Анықталғандай, олар жәбірленушіге күш қолданып, 10 кг 700 г болатын алтын құймаларын иемденген.
«Жақында Алматы облысы ПД кезекші бөліміне күш қолданып, алтын құймаларды иемденіп кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты заңды шаралар қабылдау туралы өтініш келіп түсті. Сауатты жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында біз күдіктілерді анықтап, ұстадық. Олар Алматы облысының 26-38 жас аралығындағы тумалары болып шықты», - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.
Күдіктілер қылмысты толығымен мойындаған.
«Оларға қатысты 192-баптың 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни адамдар тобымен жасалған аса ірі мөлшердегі қарақшылық шабуыл. Барлық күдіктілер ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде қамауға алынды. Барлық қажетті жедел жұмыстар жүргізілуде», - деп толықтырды Данияр Мендебаев.