Ардагерлер үні
Ардагерлер үні
236
оқылды

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, олардың талап-өтінішін тыңдады.

Жоба аясында жыл басынан бері түр­лі бағыттағы 2 000-ға жуық іс-шара өт­кізілді. Атап айтқанда, республика ау­­­мағында жарияланған төтенше жағ­дай, карантин режимі мерзімінде ко­ро­на­вирус салдарынан зардап шек­кен мұқ­таж отбасыларға көмек көрсету мақ­сатында партия Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Birgemiz қоғамдық қоры құрылып, облыс көлемінде «Birgemiz-Жамбыл облысы» қоғамдық қоры арқылы жеті санатқа кіретін 38 916 мұқтаж азаматқа 50 000 теңге көлемінде бірреттік көмек көр­­сетілді. Оның ішінде І-ІІ-V кезең­дер­де, яғни сәуір-мамыр, қазан ай­ларын­да Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оған теңестірілгендер санаты бойын­ша 600-ден астам ардагерге 50 000 теңгеден бірреттік көмек көр­се­тілді. Басқосуда Тараз қалалық Ауған со­ғысының ардагерлері мен мүге­дек­тері одағының төрағасы Дүкенбай Ермеков және өзге ардагерлер мен Ауған соғысына медициналық қыз­мет­кер сапында қатысқан аналар та­лап-тілектері, өтініш-шағымдарын жет­кізді. Оның қатарында жергілікті би­ліктің құзырында қаралмайтын мә­селелер республикалық жауапты ве­домстволарға жеткізілетін болды. Ар­дагерлер көтерген мәселелер қатарын­да негізінен – емхана, ауруханаға қа­ралу, санаторийге орналасу және пәтер кезегі, қоғамдық көлікте жүру жеңілдігі сынды күн тәртібінде тұрған мәселелер ай­тылды. Жиын соңында Балабек Нарбаев пар­тияның 2021 жылға дейін берген уәделері мен тапсырмалары, сайлауал­ды бағдарламадағы көрсеткіштер то­лығы­мен орындалатынын, жаңа сай­лауалды бағдарлама дайындалып жат­қанын алға тартып, ардагерлерді ал­дағы өтетін науқанға белсене қа­тысуға шақырды.

А.ЖҰМАШ