Ақтөбеде бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтуде
Ақтөбеде бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтуде
277
оқылды
Бүгін "Құрмет" бастауыш партия ұйымынан партияның қалалық конференциясына делегаттар сайланды. партия               "Құрмет" бастауыш партия ұйымындағы жиында Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің директоры Серік Қорықбаев конференцияға делегат ретінде Ералы Нұрғалиевты ұсынып, оның іскер ұйымдастырушы, қабілетті басшы және белсенді партия мүшесі екенін атап өтті. Ал облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі  Мерует Жұбандықова Қанат Бердығалиевты қолдады. Осылайша, қалалық конференцияға екі делегат көпшілік дауыспен сайланды. 600-ден астам бастауыш ұйым мүшелерінің 80 пайызы жиынға онлайн қатысты. партия - Алдағы мәслихаттар сайлауының алғаш рет партиялық тізім бойынша өтуі саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етіп, партиялардың жұмысын жандандыра түсері сөзсіз. Сондай-ақ партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін квота енгізілуі Парламент пен жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы болып отыр. Сондықтан алдағы сайлауға бастауыш партия ұйымы мүшелері үлкен жауапкершілікпен атсалысатынына сенімдімін. Жалпы «Құрмет» бастауыш ұйымы мүшелері Елбасы саясатын және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық саяси өміріне белсене араласып келеді, - деді бастауыш партия ұйымының төрайымы Нұргүл Абишева. партия Осындай жиындар бүгін «Ақбұлақ», «СНСП-Ақтөбемұнайгаз», «Қазақстан Темір жолы», «Болашақ», «Мәдениет» және тағы басқа қаладағы бастауыш партия ұйымдарда да өтті. Олардың әрбірінен қалалық конференцияға 2 делегаттан сайланды. Айта кету керек, облыста 30 мыңнан астам нұротандықтарды біріктіріп отырған 211 БПҰ бар. Олардың 31-і Ақтөбе қаласында.