Алты өңірде ескерту жарияланды
Алты өңірде ескерту жарияланды
230
оқылды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды,– деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

4-5 қараша аралығында Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 18 м/с жетеді.

4-5 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

3-5 қараша аралығында Алматы облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде 0-5 градусқа дейін үсік жүреді.

5-7 қараша аралығында Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. 5 қараша түнде кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

4-5 қараша аралығында Ақмола облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

4-5 қараша күндері Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс бағытына ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.