Біріккен Араб Әмірлігінде алкоголь ішу және некесіз бірге тұруға рұқсат етілді
Біріккен Араб Әмірлігінде алкоголь ішу және некесіз бірге тұруға рұқсат етілді
244
оқылды

БАӘ президенті Халифа бен Зейд Әл Нахайян жеке статус және азаматтық қатынастарға қатысты  қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер енгізуді бекітті.

Атап айтқанда, «Ар-намысын қорғау үшін жасалған қылмысты» жеңілдетуді қарастыратын бапты алып тастады. Өзгертулер енгізілгеннен кейін БАӘ-де алкоголь ішу қылмыс болып есептелмейді. Енді 21 жастан асқан азаматтарға жеке немесе белгілі бір қоғамдық орындарда алкоголь ішуге болады. Бұған дейін БАӘ-де мұсылман емес, жасы 21-ден асқан туристер мен шетел азаматтарына ғана алкоголь ішуге және сатып алуға рұқсат еді. Бұдан басқа, басылым мәліметінше, енді өзіне қол жұмсауға тырысқандар қылмыстық жауапқа тартылмайды және некесі қиылмаған жұптарға бірге тұруға рұқсат етілді. Сондай-ақ, БАӘ-де әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасағандар үшін жаза қатаңдатылған.