Енді дүкендерде нан 125 теңге тұрады.
Бұрын жоғары сұрыпты бір бөлкенің құны 100 теңге болған. Қазір сауда сөрелерінде нанның бағасы 125 теңгеге жетті.
Наубайханалардың фирмалық дүкендерінде нанды 119 теңгеге табуға болады. Нан бағасының дем арада өсуіне әлемдік нарықтағы бидай құнының көтерілуі әсер еткен екен.
Қызығы, қазір диірменде тарттырылған ұн да қымбаттаған.