Дональд Трамптың әйелі ажырасуға арыз жазбақ
Дональд Трамптың әйелі ажырасуға арыз жазбақ
218
оқылды
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіліп қалған Дональд Трамптың жары Мелания Трамп жақын арада онымен ажырасу туралы арыз жазбақ,  деп хабарлайды Daily Mail.  Мелания Трамптың құрбысы Стефани Волкоффтың айтуынша, Дональд Трамп пен оның әйелі "іскерлік некеде" болған, тіпті олар Ақ үйдің бөлек бөлмелерінде тұрған. Басылымның хабарлауынша, Трамптың бұрынғы көмекшісі Омароса Оне Маниголт Меланияның "ажырасуға дейін минуттарды санаумен жүргенін" мәлімдеген. 15 жыл бойы Дональдпен некеде болған Мелания "Ақ үйден" тезірек кетуді қалайды екен. Одан бөлек, Мелания Нью-Йорктен Вашингтонға көшіп кету үшін алты ай бойы ұлы Бэаронның мектеп бітіруін күткені белгілі болған. Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, Мелания Трамп 2016 жылы күйеуі сайлауда жеңген сәтінде өз көзіне сене алмай, жылап жіберген екен. Олардың Баррон есімді 14 жасар ортақ ұлы бар. Десе де бұған дейін 50 жастағы Мелания 74 жастағы Трамппен қарым-қатынасы жақсы екеніне сендіріп келген.