Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған Украина басшысы Владимир Зеленскийдің аурудан тезірек жазылуын тіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twіtter-дегі парақшасында жазды.
«COVID-19 індетінен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Украина коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасады және біз барлық әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп қауіпті індетті жеңеміз»,-делінген ҚР Президентінің жазбасында.