Оңтайлы жұмыстардың жайы баяндалды
Оңтайлы жұмыстардың жайы баяндалды
303
оқылды

Елімізде кәсіподақтардың жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Олай болар жөні бар. Өйткені кәсіподақтар жұмысы қоғам өмірін тұрақ­тандыру үшін ауадай қажет. Айталық, еңбек адамдарының заңды құқық­тарын жан-жақты қорғауда кәсіпорындарда еңбек дауының алдын алып, шиеленіскен жағдайға дейін жеткізбей, көптеген әлеуметтік мәселені жер­гілікті жерлерде, еңбек ұжымдарында жедел шешіп беруге жол ашып беріп отырады.

Күні кеше кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіруде әртараптан­ды­рыл­­ған шараны қолға алу мақсатында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық фи­лиалы ғимаратында дөңгелек үстел өтті. Онда кәсіподақ жұмысының негізгі ба­сымдықтары, басты бағыттары тал­қы­ланды. – Кәсіподақ – мемлекет пен жұмыс беру­шіге тәуелсіз, жалдамалы жұмыс­кер­лердің экономикалық мүдделерін, құ­қығын ұжымдық шарт сынды түрлі құ­ралдармен қорғайтын қоғамдық ұйым. Кәсіподақтар азаматтық қоғамға ын­тымақтастық, әділдік, береке-бірлік тә­різді қажетті құндылықты енгізеді. Бұл құрылымдардың бастапқы мінде­ті­нің бірі – қоғамдық мүдделерді теңестіру жә­не дауларды алдын ала келісім аясын­да реттеу, – деді «Nur Otan» пар­тия­сы Алматы облыстық партия филиа­лы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадырұлы. Жиын барысында Алматы облы­сы­ның кәсіподақтар федерациясының тө­­ра­ғасы Әсет Қыдырманов өңірде ат­қа­рылған оңтайлы жұмыстың жайын баян­­дады. Сондай-ақ «Nur Otan» пар­тия­­сы Алматы облыстық партия фи­лиа­лы мен облыстық кәсіподақтар фе­де­ра­циясы арасында жасалған мемо­ран­дум ая­сында атқарылар шаруаларға тоқ­талды.

Әбілмансұр ЖАСАН