Балалардың 80 пайызы тіс жегісімен ауырады
Балалардың 80 пайызы тіс жегісімен ауырады
5,211
оқылды

«Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар күрделі ауруларды анықтап, одан әрі емделу мен тексерілуге жолдама берді.

Дәрігерлер Қазақстанның әр аймағында экологияға және аймақтық ерекшеліктерге байланысты спецификалық проблемалы жағдайларды анықтап жатыр. Балалар мен ересектердің арасында анықталған аурулар сан жағынан да ауру дәрежесі күрделі.

Қызылордада қант диабеті, гипертензия, ревматоидты артрит жиі кездеседі. Онкологтың қабылдауына келген пациенттердің барлығында дерлік мастопатия белгілері анықталған.

Қызылорда облысында 10 393 науқас тексеруден өтсе, оның 554-ы — бала.

Медициналық пойыз кішігірім хирургиялық операциялар мен скрининг жасау үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Осылайша, пойызда 312 шағын хирургиялық ота жасалды. 610 ЭКГ процедурасы, 617 УДЗ және 199 флюорография түсірілген.

Қызылорда облысында тұрғындар ең көп барған дәрігерлер: офтальмолог – 805 адам қабылдады, 705 тұрғынды тексеріп үлгерген стоматолог, нәтижесінде 298 тіс жұлынған. Сондай-ақ, 610 адам кардиологтың, 705 тұрғын ЛОР дәрігердің және 668 тұрғын уролог дәрігердің қабылдауында болған.

— Үздіксіз қайталанатын эпилепсия ауруы бар бір бала «Ақсай» Республикалық балалар ауруханасына жатқызылды. Ең көп таралған патология – темір тапшылығы анемиясы, балалардың 80 пайызында кариес бар. Балаларда ғана емес, ересектер де кездеседі, — дейді педиатр Татьяна Имамбаева.