Раиса Мұхамедияровамен қоштасу уақыты белгілі болды

Раиса Мұхамедияровамен қоштасу уақыты белгілі болды

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі Раиса Мұхамедиярованың жаназасы 7 қараша күні сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрынан (Абылай хан даңғ.,38). шығарылады.  

Раиса Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданында туған. «Ән қанатында», «Менің атым Қожа», «Найзатас етегінде», «Бұғы-адам», «Сұлу Айсұлу туралы ертегі» сынды фильмдерге түскен.