Конференция қарауына Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы ұсынылды.
Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын дамыту, пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары, сондай-ақ, қаланың даму бағдарламасы негізінде жасалып отыр. Бұдан бөлек бағдарламаға праймериздің өту барысында тұрғындардан түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы қамтылған. Ал 15 ұсыныс сайлауалды бағдарламаға қосымша енгізілді.
– Сайлауалды бағдарламада тұрғындардың лайықты әрі сапалы өмір сүруі үшін негізгі мәселелерді түйіндей келе, қаланың экономикалық, әлеуметтік дамуына аса қажет 10 басымдықты анықтадық. Осы сайлауалды бағдарламаны орындап, іске асырылуына баршамыз бір кісідей атсалысуымыз қажет. Nur Otan партиясы қашан да берген уәделерін нақты орындап келген. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бұл бағдарлама Сіздердің қолдауларыңызбен толық жүзеге асады деп, кәміл сенемін, – деді Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов.
Конференция барысынданда сайлауалды бағдарлама делегаттар тарапынан қолдау тауып, бірауыздан қабылданды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 30 мыңнан астам партия мүшесі бар. Олар 46 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген.