«Құрметті жерлестер! Достар!
Мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Балаим Туғанбайқызы Кесебаева келесі шақырылымға өз кандидатурамды ұсыну үшін Nur Otan партиясының өңірлік конференциясы аясындағы дебатқа қатысамын деп шешім қабылдадым.
Өткен айдың және жалпы биылғы жылдың басты саяси оқиғаларының бірі Nur Otan-ның партияішілік сайлауы болды.
Бұл тарихи оқиғаға 10 000-нан астам кандидат қатысып, 662 000-нан астам партия мүшесі дауыс берді. Кандидаттардың ішінде өзін-өзі ұсынушылар көп болды – 7 143 кандидат немесе кандидаттардың жалпы санының 71 пайызы. Қызылорда облысынан 485 кандидат қатысты, оның ішінде 61 адам – партияға жаңадан мүше болғандар.
Nur Otan праймеризінің бірінші деңгейіндегі пікірсайыстар партияның жаңа активі ашық пікірталасқа дайындығын көрсетті. Алайда саяси жұмыста диалог жүргізудің мұндай форматы белгілі бір дағдылар мен даярлықпен қатар үлкен тәжірибені талап ететінін атап өткен жөн.
Қазіргі заманғы университеттердің қосымша оқу, факультативтік пәндерінің арасында риторика және пікірталас сияқты пәндерді жиі кездестіруге болады, онда дау-дамай техникасы туралы негізгі түсінік беріледі, әдістер жетілдіріліп, жеке стиль дамиды.
Әрине, партия активінің жаңа өкілдерінің күш-жігері мен жігерлігі олардың артықшылығы болып табылады. Дегенмен оларға қарсыласын сендіру, өз ұстанымын көпшілік алдында қорғау, қарсы тараптың кемшіліктері мен сәйкессіздіктерін табу мүмкіндігі жетіспейді.
Менің заңгерлік көп жылғы жеке еңбек тәжірибемді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына қайта сайлануым тек Қызылорда облысының ғана емес, сондай-ақ құқықтық реттеуді, заңдылықты жетілдіру мен Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік береді деп есептеймін», – деп жазды Балаим Кесебаева.