Полицейлер пойызда мас күйде жүрген шетелдіктерді ұстады
Полицейлер пойызда мас күйде жүрген шетелдіктерді ұстады
232
оқылды
Көлік полицейлері мас күйде жүрген Әзербайжан мен Өзбекстан азаматтарын пойыздан түсіріп алды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Орал-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызынан қоғамдық тәртіпті бұзған 42 және 36 жастағы екі ер адамды түсіріп алған. Тексеру кезінде көлік полицейлері құқық бұзушылардың Әзербайжан мен Өзбекстан республикаларының азаматтары екенін анықтаған. «Ер азаматтар түнгі уақытта мас күйде дөрекі мінез көрсетіп, тіпті, балағат сөздер айтып, қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан. Осылайша азаматтардың тыныштығына кедергі келтірді», - дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин. «Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 437, 440, 441-баптары бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды», - деп түйіндеді сөзін Қ.Қобландин. «Ақтөбе қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен шетел азаматтары кінәлі деп танылып, 3 және 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деді полиция полковнигі.