Аумақтық конференцияларға делегаттар сайланды
Аумақтық конференцияларға делегаттар сайланды
194
оқылды

2020 жылдың 7-8 қараша күн­дері Түркістан облысының барлық ау­дан, қалаларында бастауыш пар­тия ұйымдарының жиналыстары өтті. «Nur Otan» партиясы праймери­зінің кезекті кезеңі есебіндегі  бұл сая­си жиынға партиялас­тар қаты­сып, өзара пікір алмасты. Аудан­дық, қалалық конферен­ция­ларға де­легаттар сайланды.

Мәселен, Отырар ауданында өткен «Ұлағат» БПҰ жиынында ұйым төрағасы Мейрамкүл Тұрлыбек партияның сай­лауалды бағдарламасындағы жоспарларға тоқталды. Оның сапалы жүзеге асырылуы болашақ депутаттарға да байланысты еке­нін жеткізді. Сол үшін партияның ішкі іріктеуінен мықты азаматтар топ жа­рып шығуы тиіс. Осы аудандағы «Оты­рар» бастауыш партия ұйымында да маңызды мәселелер талқыланып, ау­дандық конференцияға қатысатын деле­гаттар іріктеліп алынды. Ордабасы ауданындағы «Темірлан» және «Қажымұқан» бастауыш партия ұйым­дарының жиналыстары да карантин та­лаптары сақтала отырып өткізілді. Оған «Nur Otan» партиясы Ордабасы ау­дан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат қа­тысып, партияластармен пікір алмасты. Ордабасы ауданын дамыту бойынша 5 жылдық бағдарлама әзірленгенін айтқан ол аудандық конференцияға елшіл, іскер азаматтар баруы тиіс екенін атап өтті. Осы күні Түркістан қаласындағы «Стан­ция Түркістан» бастауыш партия ұйымының мүшелері де жиналыс өткізді. Жиналыста қалалық конференцияға қатысушы делегаттардың кандидатурасы талқыланып, сайланды. Аумақтык кон­ференцияға қатысушылар «Nur Otan»  партиясының аумақтық сайлауалды бағдарламасын бекітуге атсалысады. Сонымен бірге облыстық мәслихатқа де­бат қорытындысы бойынша канди­дат­тарға дауыс беріп, партиялық тізімді жа­сақ­тайды. Аймақтық филиалдарға де­легат­тарды сайлайды. Жалпы, екі күнде Түркістан облы­сын­дағы 245 бастауыш партия ұйымында жиналыс өтті.

 Әбілмансұр ЖАСАН