Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирусқа шалдыққан 7 606 адам ем қабылдап жатыр.
Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар.
Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.