Қордай аудандық соты жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісіне қатысты сот үкімін шығарды.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушіге Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша үкім кесілген.
«Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Сот оның осыған дейін сотты болмағанын ескере отырып, оны бес жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, ол жеті жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушыдан зардап шеккендерге өтемақы ретінде 15 АЕК өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ» делінген хабарламада.
Биыл 20 сәуірде таңғы сағат 5-тер шамасында Жамбыл облысы Қордай ауданында жол апаты салдарынан 11 адам қаза тапқан еді.