Азық-түлік және балық шаруашылығы министрі үкіметтің шешімі негізсіз болғанын мәлімдеді.
Данияның Азық-түлік және балық шаруашылығы жөніндегі министрі Могенс Йенсен: «Бізден қате кетті. Індет шыққан фермалардан 8 шақырым алыс жерлердегі қара күзенді қыруға заңдық негіз жоқ еді. Ал министрліктің сол шешімі үшін мен жауаптымын», – деді.
Данияда өткен аптада қара күзеннен коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі табылып, үкімет оларды жаппай жою туралы шешім қабылдаған еді.
Шешім қабылдана салысымен елдегі 17 млн қара күзеннің 2,5 млн-ы жойылған.