Қазір бұл мәселе парламентте қайта қаралып жатыр.
Азық-түлік және балық шаруашылығы министрі үкіметтің шешімі негізсіз болғанын мәлімдеді.Данияда өткен аптада қара күзеннен коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі табылып, үкімет оларды жаппай жою туралы шешім қабылдаған еді. Шешім қабылдана салысымен елдегі 17 млн қара күзеннің 2,5 млн-ы жойылған.Данияның Азық-түлік және балық шаруашылығы жөніндегі министрі Могенс Йенсен: «Бізден қате кетті. Індет шыққан фермалардан 8 шақырым алыс жерлердегі қара күзенді қыруға заңдық негіз жоқ еді. Ал министрліктің сол шешімі үшін мен жауаптымын», – деді.