"Титантиктегі" көріністі қайталамақ болған жас жұбайлар көз жұмды
"Титантиктегі" көріністі қайталамақ болған жас жұбайлар көз жұмды
5,202
оқылды

Үндістанда жас жұбайлар "Титантиктегі" көріністі қайталамақ болған үйлену тойы алдындағы фотосессия кезінде суға батып кетті,  деп хабарлайды ren.tv.

Жас жұбайлар  романтикалық кадрлар түсіру үшін қайыққа отырып, әйгілі "Титаник" фильміндегі Кейт Уинслет пен Леонардо Ди Каприоның көрінісін қайталау үшін фотографпен бірге өзеннің ортасына барған.

Алайда той алдындағы фотосессия қайғылы аяқталды. Судың қатты ағыны салдарынан ескекші қайыққа ие бола алмай, қайық аударылып қалды. 28 жастағы күйеу жігіт пен 20 жастағы келіншек туыстарының көз алдында суға батып кетті. Ескекші құтқарылды.

Оқиға Карнатака штаты Талакаду ғибадатханасы маңындағы Кавери өзенінде болды. Жергілікті полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.