Украина президенті Владимир Зеленский мен оның Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак «Феофания» ауруханасында емделіп жатыр, – деп жазады «Украинская правда» басылымы.
Бұл туралы Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк басылымға берген сұхбатында айтқан. Ем қабылдап жатқан президент жұмысын жалғастыра береді.