Ресейде дүниеге келген сәби жеке бөлімге оқшауланады
Ресейде дүниеге келген сәби жеке бөлімге оқшауланады
181
оқылды
Ресейде де індет өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Воронеж облысында күн сайын 10 жүкті әйелден вирус анықталуда. Әзірге құрсақтағы баланың вирус жұқтырып алғаны жайлы ғылыми дәлел жоқ. Бірақ дүниеге келген нәрестенің дертті анасынан жұқтыру қаупі бар. Осындай жағдайдың алдын алу үшін ауруханаларда әйел босана салысымен баланы жеке бөлімге оқшаулау қолға алынған. Нәресте екі ПТР тестілеуден өтіп, олардың нәтижесі шықпайынша вирусты жұқтырған саналады. Нәрестелерді бақылайтын дәрігерлер арнайы қорғаныш киімімен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, Ресейде соңғы бір тәулікте 20 мың адам вирусты жұқтырып, дерттен 432 адам қайтыс болды.