«Карточка арқылы төлейін» деп 269 адамды алдап соққан
«Карточка арқылы төлейін» деп 269 адамды алдап соққан
253
оқылды

Алматыда онлайн несиемен айналысқан алаяқ ұсталды.

«Хабар 24»-тің хабарлауынша, 32 жастағы әйел жұрттың сеніміне кіріп, 269 адамды алдап соққан. Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, алаяқ, негізінен, қала базарларындағы саудагерлерді сан соқтырып келген. Тауар сатып алып, сатушылардың сеніміне кірген. Кейін күдікті үшінші тарап арқылы несие рәсімдеп отырған. Сатып алған тауары үшін «қолма-қол ақшам жоқ еді, карточка арқылы төлейін» деп сатушылардың банк карточкалары мен жеке куәліктері туралы мәліметтерді алып, олардың атынан онлайн несие ұйымдарынан ақша алған.

Алаяқ саудагерлер танып қоймас үшін базарға әр келген сайын келбетін өзгертіп, шашын түрлі түске бояп жүрген. Тергеу жалғасуда.