Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды
Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды
218
оқылды
Қазақстанда партиялық тізіммен сайланған Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды.
Партиялық тізіммен сайланған Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы тіркелген саяси партияларға тиесілі.
ОСК (ЦИК) бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 30 қараша күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. 21 күн ішінде партиялардың съездері өткізіліп, партиялық тізімдері мен сайлау бағдарламалары анықталады.
Партиялық тізімдерді тіркеу 10 қараша мен 10 желтоқсан күнгі 18: 00-ге дейін созылады; үгіт насихат жүргізу мерзімі - 2020 жылдың 10 желтоқсаны сағат 18.01-ден басталып, 2021 жылдың 9 қаңтары сағат 00:00 аяқталады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну да 2020 жылдың 10-қарашасында басталып, 4 желтоқсан кешкі сағат алтыға дейін жалғасады.
2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен Маслихат депутаттарының сайлауы өтеді.
Елде сайлау науқаны қарқын алып бастады, партиялардың дайындығы қандай?
Билік басындағы партияның жұмысы халыққа жариялылық форматында жүріп жатыр. Алматы мен Шымкент қалаларында екі конференция өтіп, ол аймақтардың Мәжіліске үміткер депутаттары анықталды.
Бүгіні кезек Нұр-Сұлтан қаласында.
Өзімізге жақын болған соң елордалық конференцияны талқылап көрейік:
Біріншіден, қалалық сайлауалды бағдарлама бекітіліп, партияның ХХ съезіне қатысуға делегаттар сайланды;
Екіншіден, праймеризге қатысушылардың арасында рейтингі ең жоғары және филиалдың квотасын ескере отырып, 1 орынға 2 адам негізінде 62 үміткерден елорда мәслихаты үшін партиялық тізім жасалды.
Үшіншіден, Мәжіліс сайлауына партиялық тізімге үміткерлер арасында дебат өтіп 10 үміткердің ішінен 5 кандидатты таңдады.
Сонымен бір тізім (Маслихат сайлауына) жасақталып, екінші тізімге (Мәжіліс сайлауына) кандидаттар ұсынылды. Осы тізімдерге назар аударсақ:
Маслихат тізіміндегі
• әйелдер саны 20-дан 30% -ға дейін;
• ал 35 жасқа дейінгі жастар 0-ден 22,5% -ға дейін өсті;
• Кандидаттардың орташа жасы 43 жасқа дейін жасарды (өткен тізмдегі орташа көрсеткіш 52 жасты құраған).
• Мәслихаттың қазіргі депуттарының тек 5-і ғана жаңа партиялық тізімге енді;
• Жалпы, мәслихаттағы елордалық «Нұр Отан» партиясының тізімі 90 пайызға жаңартылды.
Мәжіліс тізімі бойынша:
• Мәжіліс тізіміне өткен кандидаттар - балалар ауруханасының басшысы Лариса Павловец, «Атамекен» АЭС-нің өкілі Алмат Джунусов, Халықаралық жаһандық әйелдер көшбасшылығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Ханзада Балтаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Расул Медетов және бизнес өкілі Бауыржан Исабаев;
• 5 кандидаттың екеуі кәсіпкер, үкіметтік емес ұйым өкілі – 1; мемлекеттік басқарудан – 1; денсаулық сақтау -1;
• 5 кандидаттың екеуі әйел; біреуі жастар қатарынан, үшеуі жалпы тізіммен;
• Тізімге еңген 5 кандидаттың орташа жасы – 46,8;
• 5 кандидаттың біреуі Есіл ауданынан, екі адамнан Алматы және Байқоңыр аудандарынан.
Индира Рыстина