Көшеде темекі тартуға тыйым салынды
Көшеде темекі тартуға тыйым салынды
214
оқылды
Түркияда адамдар көп жүретін көшелер мен қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салынды. Мұндай шешім елде коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты қабылданды, деп хабарлады республиканың Ішкі істер министрлігі. «Тұрғын үйлерден басқа барлық қоғамдық орындарда азаматтар маска тағуға міндетті. Бірақ мұндай жерлерде темекі шегу кезінде кейбір адамдар маскаларын шешеді. Осыған байланысты 12 қарашадан бастап барлық провинция адам көп жүретін көшелер мен қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салады», - делінген хабарламада.