Сарыағаштық тұрғындар шекара сымдары арқылы өзбекстандықтарды өткізіп келген
Сарыағаштық тұрғындар шекара сымдары арқылы өзбекстандықтарды өткізіп келген
238
оқылды
Түркістан облысында полицейлер заңсыз көші-қон ұйымдастырған күдіктілерді ұстады. Сарыағаш ауданының үш тұрғыны шекара сымдары арқылы өзбекстандықтарды өткізіп келгені анықталды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өзіндеріне жүктелген міндеттерді орындаған. Біреуі шекарадан заңсыз өткісі келетін адамдарды тапса, екіншісі табылған адамды шекарадан жасырын өткізіп отырған. Ал, үшінші күдікті заңсыз келушілерді тасымалдап отырған. Олар екі ай көлемінде 10 өзбекстандықты шекара сым торлары арқылы өткізгені белгілі болған. Бұл қызметтері үшін әрбір шетелдік азаматтан 150 мың теңгеден ақша алып отырған. Күдіктілердің бірі кезекті рет Өзбекстан Республикасы азаматын шекарадан асыру барысында ұсталған. Полицейлер оның қалтасынан айғақты зат ретінде қағаз ақшалар тәркілеп алды.
«Аталған 3 күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, шекарадан заңсыз өткен ӨР азаматтарының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша тіркелді.Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды» делінген хабарламада.