Қазақстандық жас шахматшылар үздік нәтижеге қол жеткізді
Қазақстандық жас шахматшылар үздік нәтижеге қол жеткізді
412
оқылды

Түркияның Чорум қаласында өткен шахматтан жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан құрамасы 4-орын алды. Жарысқа әлемнің 48 елінен келген үздік командалар қатысты. Қазақстан құрамасы командалық есепте 9 ойынның біреуінде ғана жеңіліп, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларуссиядан ұпай саны бойынша артта қалды.

– Иә, бұл біздің жасөспірімдер құрамасының отандық шахмат тарихындағы ең жақсы нәтижесі, бірақ біз одан да жақсы ойнайтын едік. Тек сәттілік жеткіліксіз болды, – дейді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов. – Дегенмен, бұл жақсы бастама екеніне сенімдімін, енді бұл жолақтан айырылуға құқығымыз жоқ.

Жарыстың ережесі бойынша әр командадан 4 ойыншы қатысты: үш ұл және бір қыз. Қазақстан құрамасы атынан Қазыбек Нөгербек, Бибісара Асаубаева, Арыстан Исанжулов және Нұрғали Назерке қатысты. Айта кету керек, Бибісара екінші ерлер тақтасында ойнады.

– Бұл Олимпиада өте маңызды болды, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко. – Жеке жарыста қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды. Қыздар арасында Нұрғали Назерке мен Бибісара Асаубаева 2 және 3-ші орындарды иеленді. Арыстан Исанжулов үшінші тақтада үздік атанды, ал Назерке Нұрғали төртінші тақтада қола жүлдеге ие болды.