Көктайғақ салдарынан 29 көлік соқтығысып, он шақтысы жанып кеткен – видео  
Көктайғақ салдарынан 29 көлік соқтығысып, он шақтысы жанып кеткен – видео  
191
оқылды
АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Монтиселло қаласының маңындағы автожолда 29 жеңіл және жүк көлігіне зиян келген жол апаты болды, – деп жазады 24.kz. Жол апатының соңы өртке ұласып, кемінде оннан астам көлікке зиян келген.   https://youtu.be/UXe8hBbhjJY CBS-тің мәліметінше, синоптиктер өңірде қар жауатыны алдын ала тұрғындарға ескертілген. Жол апатына көктайғақ себеп болуы мүмкін. Көктайғақ салдарынан көліктер де бірінен соң бірі келіп соқтығысқан. Жол оқиғасының салдарынан оннан астам зардап шегіп, олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

https://youtu.be/r4DkYpqQoso

Өрт сөндірушілер өртті 4 сағатта сөндірген. Өртенген көлік қалдықтарынан тазалауға тоғыз сағат кеткен.