Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбековтың «Елбасы және түлеген Түркістан» атты мақаласы уақытында жарық көрген туынды деп есептеймін.
Сындарлы кезеңде ел тізгінін ұстап, мемлекетіміздің экономикалық қуатын ғана емес, рухани өсімін арттыруға да сүбелі үлес қосқан Елбасының Түркістанға деген қамқорлығы ерекше.
Түркі жұртының тұмарына айналған қасиетті шаһарды қайта түлету бағытындағы бастамалары жеміс беріп, аз ғана уақыт ішінде Түркістан танымастай келбетке енді. Мен бұл жұмыстарды Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы атқарған ең ауқымды жобасы деп баға берер едім. Бой түзеген жаңа ғимараттар қатарын толықтырған рухани-мәдени орталықтар Түркістанға келген туристердің Ясауи кесенесінен кейінгі қызыға көрер тамашасына айналмақ.
Осылайша, Елбасының бір ғана бастамасы – қасиетті қалада орнаған тарихымызды тірілтіп, Түркі елдерінің татулығын сақтап, көне қалаға жаңа келбет беріп, облысымыздың туристік әлеуетін арттыруға жол ашып берді. Көрегенділікпен қабылданған шешімнің келешегіне жүрекпен сеніп, жан-дүниемізбен жұмыла жұмыс атқаруымыз қажет деп есептеймін. Бұл біздің қаланың, тұтастай Түркістан облысының жарқын болашағының кепілі.
Сәбит Оразбаев, Қазақстанның Халық артисі