Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалының алаңында «Бақытты отбасы» партиялық жобасының ерекшеліктері мен механизмі талқыланды. Кездесуге көпбалалы аналар, әйел кәсіпкерлер және қоғамдық қорлардың өкілдері қызығушылық танытып, көптеген мәселелердің шешімін айқындады.
Өз кезегінде Алатау ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Айбек Қазыкенов қатысушылардың пікірлерін мұқият тыңдап, әрбір сұраққа толық жауап берді.