Қытайда зауытта болған жарылыстан жеті адам қаза тапты
Қытайда зауытта болған жарылыстан жеті адам қаза тапты
172
оқылды
Қытайдың Хэбэй провинциясындағы зауытта жарылыс болды. Оқиға салдарынан жеті адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады iz.ru Қытайдың орталық теледидарына сілтеме жасап. Жарылыс пенополиэтилен шығаратын зауытта болған. Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.