29 көлік бір мезетте соқтығысты
29 көлік бір мезетте соқтығысты
159
оқылды
АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Монтиселло қаласының маңындағы автожолда 29 жеңіл және жүк көлігінің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Оның соңы өртке ұласып, кемінде оннан астам көлікке зиян келген. Бұл туралы CBS хабарлайды. Тілшілердің мәліметінше, синоптиктер өңірде дауыл тұрып, қар жауатынын ескерткен. Оқиғаға көктайғақ себеп болған. Видеодан алдымен жүк көліктерінің иелері рөлге ие бола алмай қалғанын байқауға болады. Осыдан соң оларға өзге көліктер де бірінен соң бірі келіп соқтығысқан. Жол оқиғасының салдарынан оннан астам зардап шегіп, олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Өрт сөндірушілер жалынның бетін қайтару үшін қарсы жолақты төрт сағатқа жабуға мәжбүр болған. Ал магистральді көлік қалдықтарынан тазалауға тоғыз сағат кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=r4DkYpqQoso&feature=emb_logo