Қызылордада кәсіпкерлердің ұялы телефоны мен әшекей бұйымдарын ұрлаған 7 және 10 жастағы екі бала ұсталды.
Оқиға қаладағы екі сауда орталығында болды. Кәсіпкерлерден полицейлерге күндіз белгісіз біреулердің ұялы телефоны мен әшекей бұйымдарды ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен.
«Бұл мақсатта жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде бұл қылмыстарға 7 және 10 жастағы екі баланың қатысы бар екені анықталды. Олардың анасына қатысты тиісті құжаттар жинақталды. Ата-аналық құқығын шектеу үшін облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.