6 мың шақырым жол ақылы болмақ
6 мың шақырым жол ақылы болмақ
403
оқылды

Келешекте ақылы жолдар көбейеді.

Екі жылда Қазақстандағы жолдардың 6 мың шақырымы ақылы болады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жобаны екі кезеңге бөліп іске асырады.

«Жолдарды ақылы етуге бағытталған жоба 2 кезеңде енгізіледі деп жоспарлануда. Алғашқы кезеңде, яғни 2020 және 2021 жылдардың аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымы ақылы болады» делінген хабарламада.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі, Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдары ақылы болады. Алғашқы бір жылда автомобиль жолдарының қалған 5 мың шақырымын ақылы етудің екінші кезеңі жүзеге асады.