Жұмысы жоқ 20 азамат президент сайлауына қатысу үшін құжат тапсырды

Жұмысы жоқ 20 азамат президент сайлауына қатысу үшін құжат тапсырды

Қырғыз Республикасында өтетін президент сайлауына 63 азамат құжат тапсырды. Бұл туралы АКИpress агенттігі хабарлады.

Елдің Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсыру 14 қараша күні түнгі сағат 00:00-де аяқталды. Ал үміткерлерді тіркеу 2020 жылдың 14 желтоқсанында аяқталады. ОСК бас-аяғы 65 адамнан құжат қабылдағанын мәлімдеді. Алайда 2 кісі өз өтінішін кері қайтарып алды. 62 үміткер өзін-өзі ұсынса, 1 азамат саяси партияның атынан түсіп жатыр. Үміткерлердің үштен бірі – жұмыссыз. Енді сайлауға қатысу үшін әрбірі 1 млн сом төлеп, 30 мың қол жинауы керек. Айта кетейік Қырғыз Республикасындағы президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.