Көкшетау: Бір мектептің 80 оқушысы неден уланғаны белгісіз
Көкшетау: Бір мектептің 80 оқушысы неден уланғаны белгісіз
239
оқылды

Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова Көкшетауда 80 оқушының «инфекция жұқтыруына» қатысты дерек айтты.

Улану дерегі Көкшетаудағы мектеп лицейде болған.

«2019 жылғы 7 қарашада Көкшетау қалалық №2 орта мектеп лицейінің 80 оқушысы бас ауруы және жүрек айнуы шағымымен сабаққа келмегені туралы ақпарат түсті. Мектепте барлығы 2174 оқушы оқиды. Көкшетау қалалық білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, дәрігерлердің көмегіне тек бір оқушы жүгінген. Дәрігерлер «Қазақпаратқа» берген жауабында: «Энтеровирусты инфекция» диагнозын қойған. Аталған дерек бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметі мектептің 2-ауысым оқушыларын тексеріп, мектеп асханасында су, ауа, шайындылар сынамасын алды. Тексеру нәтижелері қосымша жолданатын болады. Бүгін 2019 жылғы 8 қарашада мектепте сабақ жалғасуда, денсаулық жағдайын алға тартқан балалар медициналық тексеруден кейін оқуын жалғастырады» деді.