Сирияның сыртқы істер министрі қайтыс болды
Сирияның сыртқы істер министрі қайтыс болды
220
оқылды

Бұл туралы дүйсенбі күні SANA хабарлады.

«Сыртқы істер және мигранттар істері жөніндегі министрлік вице-премьер әрі министр Валид Муаллемнің қазасына қайғырып отыр» делінген ресми хабарламада.

Министр қазасының себебі әзірге белгісіз. Валид Муаллем аталған министрлікте 1964 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол Сирияның Танзания, Сауд Арабиясы, Испания, Ұлыбританиядағы дипломатиялық миссияларында қызмет еткен. Әр жылдары Сирияның Румыния және АҚШ-тағы елшісі болған. Ал ведомство басшысы болып 2006 жылы тағайындалған.